Биыл азаматтардан СҚО бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 360 шағым келіп түскен. Нәтижесінде 10 кәсіпкер айыппұл арқалаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі

СҚО бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мамандарының айтуынша, сауда орындарында бағаның нақты көрсетілмеуі, жарамдылық мерзімінің өтіп кетуі, мемлекеттік тілде ақпараттың жазылмауы сынды бұзушылықтар жиі кездеседі. Биылдың өзінде осындай олқылықтарға жол берген 10 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторингті жиі жүргізіп тұрамыз. Түрлі шағымдар түседі. Оларды тез араза шешуге тырысамыз. Жалпы құқық бұзушылық бірінші ретжасалса, онда ескерту жасалады. Ал жағдай қайталанатын болса, кәсікерге айыппұл салынады”, дейді СҚО бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті бастығының орынбасары Ләзім Мияшева.

Тұтынушылар бастысы тауардың жарамдылық мерзіміне, таңбалануына, құрамына назар аударуы тиіс. Сәйкестігіне көз жеткізу үшін өлшеніп оралған өнімді таразыда бірден тексерген жөн.

Северный супермаркеттінде тауарлардың сақтау мерзімі дұрыс көрсетілген. Бірақ ескертулер бар. Мысалға, тауарлар кішкентай әріппен таңбаланған. Сол себепті оның құрамын оқу қиынға соғады. Ал оның құрамында зиянды заттар да болуы мүмкін. Себебі кейбір өндірушілер пальма майын қолданып жатады. Ал бұл адамның денсаулығына кері әсерін тигізеді», деді СҚО тұтынушылар құқығын қорғау қауымдастығының төрайымы Надежда Дубовая.

Жауапты мамандар азық-түлікке мониторинг жүргізуді алдағы уақытта да жалғастырмақ. Жалпы бүгінгі күнге дейін СҚО бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 360 шағым келіп түскен.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x