СҚО-да екі бірдей су торабындағы көпір апаттық деп танылған

Петропавл су торабынан күнделікті 1 миллион текше метрден астам су өтеді. Ол кәдімгі сызғышпен өлшеніп, бақыланып отырады. Жұмысты оңтайландыру мақсатында оны автоматтандыру жоспарланған. Алайда ол әлі күнге дейін жүзеге аспай отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавл су торабынан күнделікті 1 млн текше метрден астам су өтеді. Көпір байланыстыратын екі жағажайдың аралығындағы су кәдімгі сызғышпен өлшеніп, бақыланады. Жұмысты оңтайландыру мақсатында заманауи талаптарға сай оны автоматтандыру жоспарланған. Алайда іске кіріскен мердігер жауапсыздық танытқандықтан жоспар уақытында жүзеге аспай қалып, екі тарап арасындағы  шарт бұзылған.

«Жаңа жүйе арқылы су шығынын, биіктігін нақтылап отыруды ойладық. Оған тораптың көлемін де енгізуге болады. Іске шамамен 14 млн теңге қарастырылған еді. Бірақ бұл жүйені толық іске қосу үшін жеткіліксіз болып отыр. Соған қарамастан біз бастаған істі аяғына дейін жеткізуді көздеп отырмыз», — дейді «ҚАЗСУШАР» РМК СҚФ директоры Шұғайып Ибатуллин.

Петропавлдағы су торабынан кейін осындай жаңашылдық Сергеевкадағы нысанда да пайда болмақ. Айтпақшы, аталған қоймада қазір инвестициялық жоба негізінде 2 сорғы орнату жоспарлануда.

«Су торабында екі генератор жұмыс істеп тұр. Олар электр энергиясын өндіреді. Суды сол генераторлардың көмегімен ағызамыз. Жаңа насостар аталған жүйеге суды салқындатып жібереді. Ескі сорғылардың жұмыс істеу мерзімі бітті. Оларды ауыстыру қажет», — дейді «ҚАЗСУШАР» РМК СҚФ директоры Шұғайып Ибатуллин.

Су тораптарының жұмысында еш кінәрат жоқ. Бірақ, екеуіндегі көпірлер апаттық деп танылыпты. «Қазсушар» кәсіпорнының филиал басшылығы бұл жерлермен ауыр жүк көліктерінің өтуін шектеу қажеттігін айтып отыр.

Тағы оқыңыз:Петропавлдың екі бірдей тұрғыны тірідей жанып кете жаздады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x