Петропавлдың екі бірдей тұрғыны тірідей жанып кете жаздады

Петропавлда 3 қабатты тұрғын үйде өрт шығып, екі адам тірідей жанып кете жаздады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт 2-ші Заречный көшесі бойындағы 56-шы  тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерлердің бірінде болған. Қызыл жалын 0,5 шаршы метр аумаққа жайылып кеткен. Салдарынан тұрғындардың жеке заттары өртенді. Мамандардың сөзінше, өрттің шығуына төсекте жатып темекі шегу себеп болған.

«Өрт сөндірушілер екі адамды құтқарып қалды. Олардың бірі 1961 жылы туған әйел, ал екіншісі 1956 жылы туған ер адам. Пәтер иесіне 410-баптың 1 тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Өртті ауыздықтауға 9 адам мен 3 техника жұмылдырылды»,  — деді СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: КамАЗ автокөлігі Петропавл су торабының қоршауына барып соғылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x