Кез-келген азамат аудан немесе қала әкімі бола алады

5 қарашада Қазақстанның үш қаласы мен 42 ауданында әкімдерді сайлау өтеді.  Науқан  51 күнге созылады. Оның 20 – сы кандидат ұсынуға, 25-і оларды тіркеуге арналған . Сайлау алдындағы  үгіт кезеңіне 24 күн қарастырылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Алда болатын әкімдердің сайлау барысы туралы ҚР ОСК төрағасының орынбасары нақтылады. Айтуынша, облыстық маңызы бар қалалар мен аудан әкімі лауазымына саяси партиялар кандидаттар ұсына алады. Сонымен қатар, кез-келген ел азаматы да сайлауға түсе алады. Ол үшін сайлау округінде тіркелген сайлаушылардың жалпы санынан қолдауға кемінде 1% қол жинау қажет.

«Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, егер ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден аз кандидат ұсынылса, онда аумақтық сайлау комиссиясы ұсыну мерзімін үш күнге ұзартуға құқылы», – деді ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.

Ал егер, саяси партиялар мен өзін-өзі ұсынушылар арасынан кандидаттар болмаса, онда әкім  балама құру үшін бір-екі кандидатты тағайындауға құқылы. Өйткені дауыс беру міндетті түрде балама негізде болуы шарт.  Сайлауға қатысу үшін кандидаттар құжаттарды ұсынып, 350 мың теңге мөлшерінде жарна төлеуі қажет.

«Осыдан кейін тіркеу басталады, ол сайлау өткізілгенге дейін 25 күн бұрын аяқталады. Тізімдер БАҚ-та жарияланады. Дауыс беру  таңғы 7-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Дауыстарды санау 12 сағатты алады. Сайлау қорытындысы үш күн ішінде шығарылады»- деп толықтырды Константин Петров.

Тағы оқыңыз: СҚО-да көмірдің тоннасы 20 мың теңге тұрады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x