Петропавлда мас ер адам полицейлерге бағынбаған

Петропавл полицейлері көшеде жүрген қала тұрғынын ұстап әкетті. Кейін ер адамның мас күйде болып, тәртіп сақшыларына бағынбағандығы анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

13 қыркүйек күні сағат 10:18 шамасында Уәлиханов көшесінің бойында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің ауласында полицейлердің ер адамды ұстап жатқандығы туралы видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ведомствоның баспасөз қызметіне хабарластық. Кейін белгілі болғандай, полицейлерге аулада мас ер адам жүргені туралы хабарлама келіп түскен. Мекенжайға дереу жеткен учаскелік полиция инспекторлары 38 жастағы қала тұрғынын көрген. Алайда ішімдікке тойып алған петропавлдық тәртіп сақшыларына бағынбаған. Сондықтан полиция қызметкерлері арнаулы құрал – қол кісендерін қолдануға мәжбүр болды.

«Медициналық куәландыру нәтижесі ер адамның мас болғанын көрсетті. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 440-бабы «Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» бойынша хаттама толтырылды. Ер адам қалалық полицияның уақытша ұстау камерасына жеткізілді. Сотқа жөнелту үшін ҚР ӘҚБтК 667-бабы «Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау» бойынша материал жиналуда», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-дағы үкіметтік емес ұйымдардың тек 10 %-ы ғана белсенді жұмыс істейді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x