СҚО-да 12 мектепте қазақ сыныбы ашылды

Солтүстік Қазақстандағы 12 орыс тілді мектепте қазақ сыныптары ашылды. Ол жерде қазіргі уақытта 87 бала ана тілімізде білім алып жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңірде 460 жалпы білім беретін мектеп бар. Оларда 19 мыңға жуық бала қазақ тілінде білім алады. Облыстық білім басқармасы мамандарының сөзінше, мемлекеттік тілде білім алғысы келетіндердің саны жыл сайын артып келеді.

СҚО-да 12 мектепте қазақ сыныбы ашылды

«Қазақ тілінің мәртебесін арттырып, өңірдегі қазақ сыныптарының санын көбейту бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізіліп келеді. Ана тілінде білім беретін сыныптар облыс аудандарында да ашылып жатыр. Мәселен, биыл 6 ауданның 9 орыс тілді мектебінде қазақ сыныбы ашылды», — дейді СҚО білім басқармасының бас маманы Алмагүл Оспанова.

2023-2024 оқу жылында Петропавл қаласының орыс тілінде оқытатын 3 инновациялық мектебі, айталық бірінші қалалық ІТ-лицей, «БЭСТ» гимназиясы және бірінші гимназия қазақ сыныптарын ашып, 1-ші сыныпқа оқушылар қабылдады. Балаларының мемлекеттік тілде білім алатынына ата-аналары да қуанышты.

«Мектептерде қазақ сыныптары ашылып жатқанына өте қуаныштымыз. Менің балам бірінші гимназияның табалдырығын аттады. Үлкен ұлым осы мектепте 3-ші сыныпта оқып жатыр. Балаларым ана тілінде сөйлеп, білім алғанын қалаймын», — дейді қала тұрғыны Ұлан Әбдірахманов.

Айта кетейік, 2022-2023 оқу жылында 5 аудандағы 8 мектепте қазақ тілінде сыныптар ашылған еді.

Тағы оқыңыз: А. Винокуров Ironman әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x