Жаңа баспана бағасы 4,4 % қымбаттады

Апталап жауған жаңбырдың кесірінен диқандар бітік шыққан егінді жинай алмай отыр. Ал мұндай ауа райы елімізде әлі бір апта сақталады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Елімізде орақ науқанына жауын-шашын кедергі келтіріп отыр. Осыған орай ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жедел штаб отырысын өткізді.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақмола облыстарында соңғы екі аптадан бері егін жинау жұмыстары тоқтап тұр. Оған толассыз жауған жаңбыр кедергі келтіруде. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді. Олар мұндай ауа райы қыркүйектің 17-сіне дейін сақталады деп отыр. Сонымен қатар үсік жүруі де мүмкін. Бұл өз кезегінде бидайдың сапасына әсер етері анық.

«Қазір біздің басты міндетіміз — қолайсыз ауа райының салдарын барынша азайту, фермерлерге барлық қажетті қолдауды көрсету және келесі жылға сапалы тұқым қорын қамтамасыз ету», – деп атап өтті АШМ Айдарбек Сапаров.

Айтар болсақ, біздің өңірде тамыз айында жауын мөлшері нормадан 108 % көп болған.

«Жауын салдарынан тамыздың 30-ы мен қыркүйектің 6-сы аралығында егін жиналған жоқ. Тек 7-ші қыркүйектен бастап техника алқаптарға шықты. Қазіргі таңда 919,1 мың га алқап орылды. Бұл бар егіннің 27 пайызы. Күзгі дала жұмыстарына 13 мың техника жұмылдырлған. Облыста 317 дән кептіргіш қойма бар. Барлығы да жұмыс істеп тұр. 58,9 мың тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлінді. Үкімет тарапынан тағы да арзандатылған жанар-жағармай бөлу жағы қарастырылуда», – деп хабарлайды СҚО ауылшаруашылы басқармасының баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: «Асфальт қармен бірге шайылып кетпес үшін» жолдардың тиісті сапасын қамтамасыз ету қажет – Премьер-Министр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x