«Асфальт қармен бірге шайылып кетпес үшін» жолдардың тиісті сапасын қамтамасыз ету қажет – Премьер-Министр

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штабта республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды салу және реконструкциялау мәселелері қаралды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жиында Үкімет басшысы жолдардың сапасы жиі сынға ұшырап жататынын атап өтті.

«Тұрғындардан түсетін шағымдар туралы білесіздер. Қарапайым адамға ол республикалық деңгейдегі жол ма, әлде жергілікті жол ма, ешқандай айырмашылығы жоқ. Олар үшін үйдің жанында, қалада, ауылда немесе елді мекендер арасында жақсы жолдардың болуы маңызды. Бұл бәрімізге, біздің экономикамызға қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы құрылыс маусымы аяқталуға жақын екенін, сондықтан қыркүйек айында жол-құрылыс жұмыстарын айтарлықтай жандандыру қажеттігін атап өтті.

Бұл ретте Премьер-Министр көктемде «асфальт қармен бірге шайылып кетпес үшін» жолдардың тиісті сапасын қамтамасыз етуді тапсырды.

Тағы бір маңызды мәселе – автомобиль жолдарымен ауыр жүк машиналарының жүруі.

«Бір жолды жөндеу және салу кезінде жүк көліктері басқа жолдарды, соның ішінде жаңадан жөнделген жолдарды бүлдіретін жағдайлар жиі кездеседі. Мысалы, Қарағанды облысындағы Нарманбет – Балқаш автожолында жаңадан жөнделген жол бойынша Шұбартау карьерінен кен тасымалдана бастаған. Кен тиелген жүк көлігінің салмағы 60 тонна! Нәтижесінде жаңа асфальт бүлінді. Мұндай мысалдар көп, тіпті қалаларда да кездеседі», — деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр жолдарды жобалау және салу, сондай-ақ оларды күтіп-ұстау мәселелерін кешенді түрде шешу қажеттігін атап өтті. Ол үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Көлік министрлігі арнайы қайта құрылып отыр.

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданында өткен аламан бәйгеде бас жүлдені  Жанат Құсайынов алды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x