Уәлиханов ауданында өткен аламан бәйгеде бас жүлдені  Жанат Құсайынов алды

Уәлиханов ауданының 95 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған аламан бәйгеде Зеренді ауданы Раздольный ауылынан Жанат Құсайынов  бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Аламан бәйгеде сәйгүліктерін баптап келген  15 шабандоз бақ сынады.  70 шақырымға шапқан тұлпалар  бірінен-бірі өткен жүйрік. Ат жарысының ең қызықтысы да, қиыны да, тұлпар мен шабандоздың шыдамдылығын да бағамдайтын осы аламан. Бұл жолы аудандағы жарыста Зеренді ауданынан келген Жанат Құсайыновтың  бағы мен бабы қатар шауып, бірінші орын алды.  Жалпы бас бәйгенің жүлде қоры 1 млн теңге.

Спорттық шаралардың арасында көпшілік түйе палуандардың күресін де тамашалады. 90 келіден артық салмақта боз кілемде белдескен спортшылар бір-біріне дес бермеді. Мұнда да 1 млн теңге жүлде қорына деп бөлініп отыр. Қанат Өмірзақов Уәлиханов ауданының тумасы. Қазір облыс орталығы Петропавлда ТЖД жұмыс істейді. Туған жерінің 95 жылдық мерейтойына арнайы келген. Боз кілемде бағын сынап отыр.

«Ауданды қолдау үшін арнайы келдім. Бірінші айналымда жақсы күрестім. Келесі қарсыластарым  осал емес. Ұтыламын деп келмейміз ғой, жеңістен үміт бар»- дейді палуан.

Білекті палуан сайыста жеңіске жетті. Қанат Өмірзақов бірінші орын алды. Түйе палуандар арасындағы белдесуде үшінші орынды Райымбек Рахимов алды. Ал екінші орынды Шал ақын ауданының намысын қорғап келген Батырхан Қайырбек еншісіне байлады.

Ал, оқушылар болса, шахматтан сайысты. Ауданның әр мектебінен келген балалар өзара мықтыны анықтады.  

 «Бүгінгі жарысқа 41 бала қатысты. 1-ші сынып пен 11 сынып оқушылары.  Барлық талапқа сай ойыналып жатыр. 11 қыз қатысты. Облыстық мектеп шахмат турнирынан 2-ші орын алған едік. Балалардың ынтасы жақсы» — дейді ұйымдастырушылардың бірі №2  Кішкенекөл ОМ ұстазы Галина Алинова.

Бұдан басқа ауданның мерейтойында тоғызқұмалақ, гір көтеруден жарыстар болды. Сонымен қатар ұлттық ойын көкпар тартыс та ойналды.

Мерейтой соңы үлкен концертке ұласты. Сахна төріне ауданның, облыстың әнші, биші ұл-қыздары өнер көрсетті. Ал, кеш қонағы опера және эстрада жұлдызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова болды.

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданының құрылғанына 95 жыл

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x