Петропавлда шығарылған 50 вагон «Жолаушылар тасымалы» АҚ берілді

Петропавлдағы «ЗИКСТО» зауытында шығарылған 50 жаңа жолаушылар вагоны «Жолаушылар тасымалы» АҚ жөнелтілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі «Kazinform» сайтына сілтеме жасап.

Бұл вагондардың екінші партиясы. Алғашқы 11 вагон жыл басында ұлттық тасымалдаушыға берілген болатын. 

«ЗИКСТО» өнімдері жайлылық бойынша барлық заманауи талаптарға жауап береді. Вагондарда кондиционерлер, ауаны тазарту сүзгілері, түтін датчиктері, биодәретханалар, тамбурлардағы бейнебақылау жүйесі, ал купеде кәдімгі электр розеткаларынан басқа USB қосқыштары да бар. Мұндай вагондар 40 жылға дейін қызмет ете алады.

2023 жылы кәсіпорын 100-ге жуық жолаушылар вагонын жасап шығармақшы. Ал 2024 жылы бұл көрсеткішті 300-ге жеткізбек.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда орташа айлық жалақы бір жылда 17 %-ға өсті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x