Мәжіліс депутаты: Бидайдың бағасы 1,5-2 есеге арзандады

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров ауыл шаруашылығы саласындағы субсидияның кешіктіріліп жатқанын айтты. Ол ауыл шаруашылығы министрі атына сауал жолдап, биыл бидайдың орташа бағасы 1,5-2  есеге арзандағанын айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media  тілшісі.

«Фермерлер 2020 жылдан бері барлық субсидия түрін уақытында ала алмаған. Бұл оларды жылдық 20 пайызбен қымбат несие алуға мәжбүр етіп, қаржылық жағдайын айтарлықтай нашарлатып отыр. Тек Ақмола облысы бойынша 23 мың өтінімнің 13 мыңы ғана қаралған, ал Жетісу облысы бойынша 1600 диқан пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды ала алмай отыр», — деді Ерлан Саиров Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың атына жолдаған сауалында.

Айтуынша, осы жылы фермерлерді қолдауға субсидия өткен жылмен салыстырғанда 5,4% аз бөлінген.

«Ауыл шаруашылығын субсидиялауға биыл бөлінген қаржы былтырғы қарызды өтеу үшін жұмсалған. Ал биылғы тапсырыс бойынша 124,5 млрд теңге тапшылық пайда болған. Үкімет қосымша қаржы бөлу жөніндегі шешімді әлі қабылдаған жоқ. Мұндай жағдайда елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аграрлық саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мүмкін емес. Бізде субсидиялар шектеулі, екінші дәрежедегі банкілер кредиттеу мөлшерлемесі өте жоғары, нәтижесінде қазақстандық өндіріс азайып жатыр», — деді депутат.

Сонымен қатар, ол Қазақстанның астық нарығындағы жағдайы да тұрақсыз екенін айтты. 

«Бидайдың орташа құны былтырмен салыстырғанда 1,5-2 есеге арзандады. Бұл ауылшаруашылық тауарын өндірушілердің жаппай банкротқа ұшырауына себеп болуы мүмкін», — деп отыр Ерлан Саиров.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар тұтынатын сүт өнімдерінің 25 %-ы СҚО-да өндіріледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x