2024 жылдан бастап Қазақстанда есірткіге тәуелді оқушыларды анықтау үшін тестілеу жүргізіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
ІІМ мәліметінше елімізде есірткіге тәуелді оқушыларды анықтау үшін тестілеу жүргізіледі. Сынақ кезінде псхиологтардың қатысуымен балаларға сұрақтар қойылады. Мұндай тестілеу жүргізу үшін міндетті түрде ата-аналардан рұқсат алынады.
«2012 жылы балаларды тестілеуден өткізу ұсынылғанда ата-аналар қарсы шыққан. Ал қазір олар қолдап отыр. Көбі, керісінше тексергенін қалайды. Себебі мұны бақылау қиын», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Әмірханов.
Тағы оқыңыз: Кей өңірде қар жауады: Қазақстанда күн суытады