Қызылжар ауданында "Биле, Қызылжар" би байқауы өтті

Конституция күніне орай Қызылжар ауданында би байқауы өтті. Өнерімен жиналғандарды тәнті етіп, жеңімпаз атанғандар бағалы сыйлықтарға ие болды. Талантты жастардың басын қосқан шараға Qazaqstan Media тілшісі куә болды.

«Биле, Қызылжар» байқауы алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Дегенмен, сайысқа түсетін жастардың дайындығы мықты.

Қызылжар ауданында "Биле, Қызылжар" би байқауы өтті

«Байқауға ұзақ уақыт бойы дайындалдым. Маған жақындарым мен достарым көп көмек көрсетті. Олар бүгін де мені қолдап келіп отыр. Сол еңбектің бәрі зая кетпеді деп ойлаймын. Әрине, қобалжу болды. Бірақ қателік жібермеуге тырыстым», – дейді 14 жасар Айғаным Күлекина.

Қызылжар ауданында "Биле, Қызылжар" би байқауы өтті

Жалпы, би байқауы 8 талантты жастың басын қосқан. Жеңімпаз атану үшін олар екі кезеңнен мүдірмей өтуі қажет.

Қызылжар ауданында "Биле, Қызылжар" би байқауы өтті

«Бірінші кезеңде қатысушылар өзінің дайындап әкелген биін билесе, екіншісінде бишілер бір-бірімен батлға шығады. Жалпы, шараның басты мақсаты – талантты балаларды көпшілікке таныту, олардың өнерін одан әрі дамытуға жағдай жасау», – дейді жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Гүләсел Хамитова.

Байқау қатысушыларына ешқандай шектеу қойылмаған. Сондықтан қазылар алқасына жастардың өнерін бағалау қиынға соққан.

«Бимен айналысып жүргеніме біраз жыл болды. Қазір «Мерей» өнер мектебінде сабақ беремін. Сондықтан байқау қатысушыларының қозғалысына, әннің ырғағына қалай ілесетіндігіне мән беремін. Сондай-ақ киіміне де назар аударамын. Өйткені, әр би кішігірім қойылым іспеттес. Яғни, әр деталь бірін-бірі толықтырып отыруы тиіс. Айта кетерлігі, өнерлі жастар көп. Олардың арасынан мықтыны анықтау оңай болмады», – деді хореограф Динара Әлжанова.

Байқау соңында «Көрермен көзайымы» номинациясы мен бірінші орынды Анастасия Пичугина жеңіп алды. Екінші орынға Айғаным Күлекина қол жеткізді. Ал, үздік үштікті Жазира Кожухова тұйықтады. Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қызылжар ауданында "Биле, Қызылжар" би байқауы өтті

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда егіннің 20 пайызға жуығы орылды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x