Өңір әкімдіктері астық қоймаларын дайындауы қажет

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында баяндама жасай отырып, өңір әкімдіктері қамбаларды әзірлеп, жаңа өнімді қабылдауға дайын болуы тиіс екенін ескертті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. 

«Республика бойынша астық сақтауға арналған қамбалардың жалпы сыйымдылығы 29,9 млн тонна. Оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында – 13,1 млн тонна, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде – 16,8 млн тонна. Сақтау қуаттылығының көрсетілген көлемі өткен жылдардың ауыспалы қалдықтарын ескере отырып, болжамды егінді сақтау үшін жеткілікті. Облыстар әкімдіктері астық қоймаларының жаңа өнімді қабылдауға дайындығын қамтамасыз етуі қажет», — деп тоқталды Ербол Қарашөкеев.

Биыл 24 млн гектар алқаптан ауыл шаруашылығы дақылдары жиналады. Бүгінде оның 2,4 млн гектарынан өнім алынды.

Тағы оқыңыз: 2024 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері қанша болады

 

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x