«Үздік педагог» республикалық байқауы басталды

Қазақстанда «Үздік педагог» республикалық байқауы басталды. Оған қатысуға 1311 мұғалім өтінім білдірген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Үздік педагог» байқауы жыл сайын өткізіліп тұрады. Онда ұстаздар жиған-терген білім, тәжірибелерін көрсетіп, өзара бақ таластырады. Жалпы, конкурс 3 кезеңнен тұрады: аудандық, облыстық және республикалық. Қатысу үшін педагогтың осы салада кемінде 5 жылдық еңбек өтілі мен қызметте жетістіктері болуы шарт.

Еске салсақ, өткен жылы Петропавлдағы «Дарын» мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Ерлан Мәкен «Үздік педагог-2022» атанған еді. 15 жылдан астам тәжірибесі бар маманға оқу ағарту министрі куәлік пен төсбелгі тапсырды. Сондай-ақ, 3 млн теңгемен қалаға оралған еді.

Биыл сыйақы мөлшері 3 450 000 теңгені құрамақ. Әзірге байқаудың бірінші кезеңіне қатысуға 1311 өтінім түскен. Қазір аудандық, қалалық комиссия ұстаздардың портфолиосын бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Келесі кезеңге әр аудан, қаладан 10 қатысушыдан таңдалады. Оған өту үшін 100 ұпайдың 80 пайызынан кем емес балл жинау керек.

Ақтық сында 64 адамға «Үздік педагог» куәлігі мен төсбелгісі, және 3 млн теңгеден астам ақшалай сыйлық беріледі.

Тағы оқыңыз: Прокурорлар сотталғандар арасында профилактикалық шара өткізді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x