Петропавлда үй жанып кетті

Петропавлдағы Новопавловка кентінде тұрғын үй жанып кетті. Баспана иелері жерлестерінен көмек сұрап жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Демалыс күндері Новопавловка кентіндегі С. Новитский көшесі, 10 мекенжайында орналасқан тұрғын үй отқа оранды. Баспананың шатыры, қабырғалары, жеке заттары мен жиһаздары жанып кеткен. Үйдің маңайындағы қора-қопсы да өртенді. Жалын шарпыған аумақ — 144 шаршы метрді құрайды.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 14 маман мен 5 бірлік техника жұмылдырылған. Алдын ала болжам бойынша өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Тек баспана иелерінің құжаттары мен ақшалары күйіп кеткен.

Тіпті, киетін киім де қалмаған көрінеді. Сондықтан үйсіз қалған тұрғындардың туыстары Instagram-дағы пабликтердің бірінен көмек сұраған.

«Күйіп кеткен үй тәтемдікі. Қазіргі жағдайлары қиын. 50-52 өлшемдегі әйелдер киімі мен 38 өлшемдегі аяқ киім қажет. 48-50 өлшемдегі ер адамның киімі де керек болып тұр. Сонымен қоса, 42 өлшемді аяқ киім керек. Оқиғаға бейжай қарамай, көмектесулеріңізді сұраймыз. Байланыс нөмірі  — 87771184205 Яна К.», — деп жазылған постта.

Тағы оқыңыз: Бос жұмыс орындардың онлайн-жәрмеңкесі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x