Тамыз айының екінші жексенбісінде елімізде құрылысшылар күні атап өтіледі. Осыған байланысты бүгін Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде салтанатты шара ұйымдастырылды. Облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев құрылысшыларды мерекемен құттықтап, бірқатарын марапаттады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Соңғы жылдары өңірде құрылыс жұмыстарының ауқымы кеңейгенін баршамыз білеміз. Қазіргі уақытта бізде 3 емхана бой көтеруде. СҚО әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиевтың айтуынша, оның екеуі биыл қолданысқа беріледі. Мұнымен қоса, 5 мектеп пен бірнеше дене шынықтыру-сауықтыру кешендері де салынып жатыр.

“Облыс орталығынан бөлек, аудандарда да көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Үстіміздегі жылы 8 мың баспана халық игілігіне пайдалануға беріледі. Бұл мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың, облыс басшылығының және жергілікті құрылысшыларымыздың арқасында жүргізілуде. Бүгін құрылыс саласының ардагерлеріне ерекше алғысымды айтқым келеді. Жалпы, барша құрылыс саласының өкілдерін мерекемен құттықтап, бастысы денсаулық, еңбекте табыс тілегім келеді”, – деді Сәтжан Аблалиев.

Мереке қарсаңында теріскейлік 32 құрылыс саласының өкілі түрлі дәрежедегі марапатқа ие болды.

Мәселен, “Мирас Group” ЖШС директоры Мәлік Исин ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің “Құрметті құрылысшысы” төс белгісімен наградталды. Аталған компанияның құрылғанына 17 жыл болған. Құрылысшылардың соңғы жобасы – жаңа қазақ театры. Өнер ордасы осы жылдың соңында толықтай дайын болуы керек.

“Кадр тапшылығы мәселесі – қашан да өзекті. Бізге жас мамандар қажет. Қазір қалада еңбектеніп жүрген құрылысшылардың дені – зейнет жасына таяп қалған жандар. Кейбіреуі құрметті демалысқа шықса да, жұмыстарын жалғастыруларын сұрап жататынымыз жасырын емес. Бүгінде құрылыс объектілерінде 200-ге жуық қызметкерлер еңбек етіп жүр”, – дейді Мәлік Исин.

Тағы оқыңыз: Петропавлда көпқабатты үйлерде өрт қауіпсіздігі сақталмаған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x