Петропавлдағы бірқатар көпқабатты үй өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейді

Петропавлдағы бірқатар көпқабатты үй өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейді. Осылай деп ТЖД қызметкерлері дабыл қағуда, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында биіктігі 28 метрден асатын 30 тұрғын үй бар. Мұндай нысандар қауіптілігі жоғары орындарға жатады. Сондықтан ТЖД қызметкерлері үнемі оқу-жаттығу шараларын ұйымдастырып, тексеріс жүргізіп отырады. Бірақ олардың нәтижесі көңіл көншітпейді. Ең алдымен, көпқабатты баспаналардың ауласына арнайы техниканың өтуі қиын. Өйткені, тұрғындар есік алдын көлік тұрағына айналдырып алған.

«Мұндай ғимараттарда жиі кездесетін олқылықтардың тағы бірі — дабылқаққыш құралдардың істен шығуы. Түтінге қарсы жүйелердің дұрыс жұмыс істемеуі. Ондай құрылғылар түтіннің будақталып жиналуына жол бермейді. Бұдан бөлек, тұрғын үйлерде түтін кірмейтін эвакуациялық баспалдақтар болады. Олардың да жағдайы мәз емес», — деді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтардың жылу үшін төлеген ақшалары қайта есептелді

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x