Келешекте СҚО-да газдандыру мәселесі біржақты етіледі

Келешекте СҚО-да газдандыру мәселесі біржақты етіледі. Бұл жайында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Демалыс күні еліміздің Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жергілікті депутаттармен де кездесті. Атқамінерлер мейманға өзекті деген проблемаларды жеткізіп, шешу жолдарын сұрастырды. Қозғалған басты тақырып — өңір аумағы арқылы өтетін «Жезқазған-Петропавл» республикалық автожолының қазіргі жағдайы. Әбден тозығы жеткен жол 1960 жылдары салынғаннан бері күрделі жөндеуден өтпеген. Өз кезегінде министр жол — экономиканың негізгі күретамыры екенін, бұл мәселеге ерекше назар аударылатынын айтты.

«Бұл — кешенді мәселе. СҚО-ның ерекшелігі — мұнда халық сирек қоныстанған. Жол тым қашық. Бірақ қазір ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Онда өзара шектесетін аудан жолдарына, ал «Ауыл — ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылішілік жолдарға көп көңіл бөлінеді», — деді министрі.

Аталған жобаның аясында биыл 5 млрд теңгеге 20 жобаны іске асыру жоспарланған екен. Өңір үшін тағы бір өткір тұрған тақырып – газдандыру мәселесі. Әлібек Қуантыров проблема біржақты етілетінін айтты.

«Қазір бұл мәселемен Энергетика министрлігі, QazaqGaz айналысып жатыр. Газдандыру жалғасады. Ол солтүстік аймақтарға қарай созылып, біртіндеп шығыс аймақтарды қамтиды. Жаңа газ кен орындарын игеру керек. Негізгі капиталға салынатын инвестицияларға келсек, біздің міндетіміз — оның көлемін ағымдағы жылы 18,3 трлн теңгеге дейін жеткізу. Өткен жылы бұл көрсеткіш 15,3 трлн теңге болды. Бұл міндетті орындадық. Осы 18,3 трлн теңге барлық өңірлер арасында бөлінеді», — деді министр.

Тағы оқыңыз: Көлік тізгіндеген 9 жасар бала жарыс жолына шықты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x