Аманғали Бекболатов алтыннан алқа тағынды

Өңір мақтанышы Аманғали Бекболатов ел қоржынына кезекті алтынын салды. Бұл жолы жерлесіміз Будапешт қаласында өткен халықаралық турнирде қарсылас шақ келтірмеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының тумасы грек-рим күресінен 55 келі салмақ дәрежесінде күш сынасты. Азамат алғашқы айналымдарда америкалық, ирандық және қазақстандық палуандарды жеңіп, финалға жолдама алды. Онда Румын елінен келген Денис Михаймен кездесіп, өзінің шын мықты екенін дәлелдеді. Европа чемпионы деген атағы бар қарсыласын Аманғали Бекболатов 9:0 есебімен ұтты.

«Шыны керек, қарсыласым мықты болды. Бірақ намысты қолдан бермей, тек жеңіске ұмтылдым. Нәтижесі көңілден шықты. Өте қуаныштымын. Маған сенім білдіріп, қолдау көрсеткен жандардың әрқайсысына алғысымды айтамын», – дейді Аманғали Бекболатов.

Тағы оқыңыз: Орташа зейнетақы мөлшері төмендеді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x