Жылыту маусымына дайындық жүргізілуде

Петропавлдағы көпқабатты үйлерде алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Осы уақыт ішінде шаруа 200 баспанада тындырылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Дайындық жұмыстары басталмас бұрын МИБ төрағалары баспана тұрғындарына 1 ай уақыт берген. Бұл кезде батареялары тозған, не апаттық жағдайда тұрған азаматтарға проблеманы реттеуге мүмкіндік берілді. Яғни, 1 ай ішінде қондырғының бойындағы ауасы шығарылып, қалыпқа келтірілді. 17 шілде күні жылу құбырларын жуып-шаю жұмыстары басталып кетті. Бүгін шаруа Интернационал көшесі 33 мекенжайында орналасқан баспанада жүргізілді.

«Жылыту құбырларын жуып-шаю барысында тұрғындар міндетті түрде үйде болулары қажет. Әйтпегенде, су тасып, төменгі қабаттарды басуы мүмкін. Осындай жағдайлар бізде тіркелді. Дайындық барысыда мамандар батареялардың қысымын да тексеріп шығады. Жалпы, жылыту маусымына дейін жасалуы тиіс жұмыстардың барлығы атқарылды десек те болады», — дейді «Интернациональная, 33» МИБ төрайымы Гүлнәр Кәрібаева.

Жалпы, Петропавлда мыңнан астам үйде жуып-шаю жұмыстары жүргізілуі тиіс. Осы уақытқа дейін тек 200 баспанада қажетті шаруа атқарылған.

Тағы оқыңыз: Есіл ауданында қаңырап бос жатқан ғимараттың орнында балалар орталығы пайда болады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x