Осы жылы Солтүстік Қазақстан облысына 4 мыңнан астам адам көшіп келді. Мұндай сандарды Үкімет басшысы Әлихан Смайылов келтірді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес былтыр Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасы қабылданды.
«Тұжырымдaманың бiр бaғыты – бұл қoныс aудару бағдaрламаларын қайта қарау есебiнен жұмыс күші aртық және жұмыс күші тапшы өңірлeр аpасындағы дeмoграфиялық теңгерiмсіздікті теңeстіру үшiн қaзақстандықтаpдың ішкi ұтқыpлығын ынтaландыpу», — деді Премьер-Министр.
Жоспар бойынша биыл біздің облысқа оңтүстік өңірлерден 8652 адам көшіп келу керек. Шілденің біріндегі ақпарат бойынша, соның 4140-ы аймаққа қоныс аударды, 1032-сі – қандастар.
Тағы оқыңыз: Жергілікті университет енді қытайлық оқу ордасымен де әріптестік орнатпақшы