Тайыншалықтар былтырғыдай көмір тапшылығы бола ма деп алаңдауда

Былтыр күзде Тайынша ауданында көмір тапшылығы тіркелген. Тұрғындар биыл да жағдай қайталана ма деп алаңдап отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Осылай деп Тайынша ауданының тұрғындары Qazaqstan Media редакциясына хат жолдаған.

«Өткен жылы көмір сатып алу мүмкін болмағандықтан, адамдар тоңып отырды. Көмір тиеген вагондар келді, бірақ сатып алу мүмкін болмады. Тіпті, көмірді ауылдарға шығаруға да тыйым салынды, ал Тайыншаның өзінен сатып алу мүмкін емес. Сыртта аяз, суық, ал көмір жоқ», — делінген хатта.

Мәселенің анық-қанығын аудан басшылығынан білдік. Берік Әлжановтың айтуынша, көмірді жеткізу және сату маусымы мамыр айынан басталды. Ауданда бұл қызметті төрт кәсіпорын көрсетеді: «Стандарт» ЖК, «Тамыз» ЖШС, «ТЭК Альянс жолы» ЖШС және «Север Энерго көмір Снаб» ЖШС.

«Қазіргі уақытта Тайынша ауданы бойынша көмір жеткізуді жүзеге асыратын кәсіпорындармен бірлесіп тұйықтарға көмір салынған вагондарды жеткізу бойынша мониторинг жүргізілуде. Вагондарды жеткізу кестесі жасалады, оған сәйкес қандай кәсіпорындарда кідірістер бар екені көрсетіледі. Егер вагондарды жеткізу жағдайы нашарласа, мәселені шешу үшін дереу хат жолдаймыз. Ауылдық округ әкімдерімен бірлесе отырып, ауылдық елді мекендерге халықтың әлеуметтік осал топтарына және олардың жұмысшыларына жалақымен көмір жеткізу үшін жергілікті ауыл шаруашылығы құрылымдарын тарту мәселесі пысықталуда. Олар мүмкіндігінше көмір қорын өз аумақтарына әкеліп, халыққа береді. Бұл күзгі толқуды азайтады», — деді Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжанов.

Тайынша ауданында жалпы көмірге қажеттілік 60,3 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде халық үшін — 40,6 мың тонна. Аудан тұрғындары әзірге 5,2 мың тонна дайындады. Көмір тұйықтарында 7 мың тонна бар. Берік Әлжановтың айтуынша, көмір вагондары үнемі келіп тұрады. Ең көп таралған көмір маркаларының бағасы 15-16,9 мың теңгені құрайды.

«Халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Көмірді мүмкіндігінше күзде емес, жазда алу керек. Бұл көмір тапшылығының алдын алады. Тұйықтағы көмірдің көлемі мен бағасы туралы аудандық газеттерге ақпарат бердік», — деп қосты Берік Әлжанов.

Тағы оқыңыз: Қазақстандағы халық саны 20 миллионға таяп қалды

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x