Қазақстан алкогольдік өнімдерді көп тұтынатын 189 елдің ішінде 100-ші орында тұр. Мұндай рейтингті АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы жасады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Ішімдік ішу бойынша Кук аралдары, Латвия мен Чехия көш бастап тұр. Аталған ел тұрғындары 12,97; 12,9; 12,73 литр алкоголь ішеді. Қырғызстан 96-шы кезекте тұр (4,2 л). Ал Қазақстан 100-ші орында, жылына бір адамға 3,73 литрды құрайды. Түркменстан — 117-ші (2,88 л), Өзбекстан — 124-ші (2,45 л) орналасқан.
2023 жылдың басында ДДҰ алкогольді тұтыну деңгейі ең жоғары елдердің тізімін жариялады. Қазақстан Ұйым рейтингіне енген жоқ.
Тағы оқыңыз: Қала күні тойланды