Облысқа «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы келді. Маусымның 28-і мен шілденің 4-і аралығында Айыртау, Тимирязев және Жамбыл аудандарының тұрғындары білікті мамандарға қаралып, тегін тексеруден өтуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Пойызда терапевт, хирург, жалпы тәжірибелік дәрігер, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика дәрігері, акушер, зертханашылар, медбикелер, рентгенолог, сәулелік диагностика дәрігері, стоматолог, отоларинголог, психолог, окулист, гинеколог және уролог мамандар бар. Олар алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді, консультациялар мен тексерулер жүргізді. Бұдан басқа, азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік қолдау алу, зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер және атаулы әлеуметтік көмек алу құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тегін консультациялар өткізілді. Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен, әлеуметтік жобалар қорымен ынтымақтастықта іске асырып жатыр.
Тағы оқыңыз: Петропавлда «Qyzyljar Music Fest» халықаралық фестивалі өтеді