«Өтеді күндер зымырап» кітабының тұсауы кесілді

Шал ақын ауданы Сергеевка қаласында «Өтеді күндер зымырап» кітабының тұсауы кесілді. Сиясы кеппеген туындының авторы – солтүстікқазақстандық Құрмаш Баязиев, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Құрмаш Баязиевтың облыстың білім беру саласының дамуына қосқан үлесі зор. Ол 1992 жылы Сергеевка қаласында алғашқы қазақ мектебін ашты. Қазір оқу ұясы Кәкімбек Салықовтың атында. Азаматтың өзі 48 жыл бойы ұстаздық қызмет атқарған. Соның 40 жылында бірнеше мектепте директор болып еңбек етті. Сонымен қатар, «Қазақ тілі» қоғамын ашып, зейнетке шыққаннан кейін өзі аудандық «Қазақ тілі» қоғамын басқарған. Қолы қалт ете қалғанда жерлесіміз өлең-жыр жазумен әуестенген. Қаламынан қаншама шығармалар туған және мерзімдік басылымдарда жарияланып тұрды. Алайда, шығармалары жеке кітап болып басылып көрмеген. Араға жылдар салып Құрмаш Баязиұлының балалары мен немерелері ақынның өлең-жырларын жинап, кітап қылып шығарған.

«Марқұм атамның көзі тірісінде топтастырған материалдарын жинақтап, балалары мен немерелері кітапты жарыққа шығаруды ұйғарды. Бұл алғашқысы, бұған дейін кітаптары жарыққа шықпаған. Оқырманға ұсынылып отырған бұл жинаққа автордың әр кезеңде жазылған өлең-толғаулары мен поэмасы және таңдаулы прозалық шығармалары топтастырылды», — деді Құрмаш Баязиевтың немересі Әсел Тайырқызы.

«Өтеді күндер зымырап» кітабының тұсаукесері Сергеевкадағы аудандық кітапханада өтті. Сиясы кеппеген еңбек түрлі жастағы оқырмандарға арналған. Тілі оқуға жеңіл болса да, тәрбиелік мән-мағынасы зор.

«Жарыққа шыққан туынды өскелең ұрпақты тәрбиелеуге өз ықпалын тигізеді деп ойлаймын. Тиражы — 170 дана. 10 кітап Сергеевка қаласының аудандық кітапханасына табысталды. Қалғандары туыстары мен Сергеевка қаласының азаматтарына үлестіріліп берілді», — дейді Әсел Тайырқызы.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 32 велосипед ұрлығы тіркелді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x