“Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы 19 маусымда жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіне деректерді көшіруге байланысты жер және жылжымайтын мүлік саласындағы мемлекеттік қызметтің барлық түрі уақытша қолжетімсіз болатынын жеткізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдау, оның ішінде ХҚКО-лар арқылы оның ішінде тұрғылықты жері бойынша тіркелу және жылжымайтын мүлікті ресімдеу, сондай-ақ, eGov.kz порталы арқылы тіркелу, нотариустар, салық ұйымдары, ЕДБ және ҚР Әділет министрлігінің Атқарушылық іс жүргізу органдарының жүйелері арқылы қызмет көрсету тоқтатылады.
«Іске қосу-реттеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты бірнеше күн ішінде ЖМБ МК мен сервистердің дұрыс жұмыс істемеуі байқалуы мүмкін екенін хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — деп жазылған хабарламада.
Тағы оқыңыз: СҚО-дағы жазғы лагерьлердің 5-уі ғана жұмысын бастаған