Адам неліктен бор жегісі келеді?

Табиғи бордың құрамында кальцийдің деңгейі өте жоғары болады. Сол себепті, ағзада осы элементтің аздығынан адамдар бор, кесек немесе топырақ жегісі келеді деген пікір бар. Алайда, көптеген зерттеулер кальций емес, темір жетіспегендіктен  жеуге болмайтын затқа құмарлық артатын көрсетті. Qazaqstan Media тілшісі дәрігерлермен тілдесіп, бордың пайдасы мен зиянын сұрастырды.

Бор жеу — кеше ғана пайда болған тақырып емес. Адамзат осыған дейін де оны тұтынып келді. Алайда, соңғы кездері ғаламтор желісінде бұл тақырып өзекті болып отыр. Қазір камераға бор, кесек жегендерін түсіріп, оны YouTube пен Instagram желісіне салатындардың қатары көбейіп кетті. Оны өз іштерінде ASMR видео деп атап жатады. Әдетте, көрермендер мұндай бейнені бордың қытырлаған даусын есту үшін көреді.

Осы ретте қатты затты жеуге не түрткі болады, ағзада қандай дәрумен тапшы деген сұрақ туындайды. Мәселе жұрт айтып жүрген кальцийде емес екен.

«Көп жағдайда ағзада темір жетіспегеннен, адам жеуге жарамайтын затты тұтынуға құмар болады. Егер темірмен байытылған дәрілік препараттарды қабылдаса, мұндай тартылыстың беті қайтады. Сонымен қатар, бұған тағы бір себеп бар. Ол – цинк. Бұл химиялық элементтің тапшылығы көптеген ферменттер мен гормондардың өндірісін бұзады, метаболизмнің нашарлауына әкеледі. Тағы зат алмасу процесі де бұзылады. Проблеманы шешу үшін бір уыс асқабақ тұқымын жеу жеткілікті», — дейді үшінші қалалық емхананың жалпы тәжірибе дәрігері Руслан Мадуов.

Үлкендерден бөлек, кейбір кішкентай балалар да бор жеуге бейім келеді. Бұған тікелей кальцийдің қатысы бар. Рационға ірімшік пен басқа да сүт өнімдерін қосса, жағдайды ретке келтіруге болады. Айтпағымыз – борға тартып тұр екен деп, оны көп мөлшерде жей беруге болмайды. Оның орнына дәрігерге көрініп, қандай витамин немесе элементтің жетіспейтінін біліп алу керек. Өйткені, азық-түлікке жатпайтын затты жегеннен асқазан-ішек жолдарының жұмысы бұзылады. Сондай-ақ, қантамырлар тесігі тарылуы мүмкін.

«Егер адам бойында D, E және C дәрумендері жеткілікті болса ғана, бор сіңірілуі мүмкін. Әйтпегенде, жиі және көп жеу бүйрек ауруларына әкеліп соқтырады. Бұдан гастрит, язвалық жара, панкреатит та пайда болады. Бор тыныс алу мен ас қорыту жүйесі үшін де зиян. Сондай-ақ, бордың салдарынан эмаль зақымданып, кариес пайда болуы мүмкін. Одан қалды, стоматитке дейін де жеткізеді», — дейді дәрігер.

Зиянын білдік, енді кішігірім пайдасына тоқталайық. Табиғи борды аз мөлшерде жеу теріге пайдалы. Бірақ, суды көп ішу керек. Руслан Мадуовтың айтуынша, бор асқазан қыжылын да басады екен.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жас жігіт рөлге ие бола алмай гаражға соғылған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x