Солтүстікқазақстандық әншілердің туындысы YouTube желісінде 4 млн қаралым жинады

Солтүстікқазақстандық әншілердің «Шаштары үрбиіп» туындысы YouTube желісінде 4 млн қаралым жинады. Бұл — теріскей өңірі үшін бұрын соңды болмаған, үздік көрсеткіш. Qazaqstan Media тілшісі өнерлі жігіттермен тілдесіп, жастардың көңілінен шығып жатқан әннің пайда болу тарихын сұрады.

«Шаштары үрбиіп» әнін «Q production» ұжымы орындайды. Туындының белгілі бір авторы жоқ. Яғни, жігіттер әннің пайда болуына бірігіп ат салысқан. Әрқайсысы жеке-жеке музыка жазып, жұмыла мәтінін құраған екен. Дайын болған ән орындаушыларға ұнағасын, TikTok желісіне салып жіберіпті. Алайда, онда бірден танымалдыққа ие болмаған.

«10 күннен кейін достарымыз қаралым 100 мыңға жеткенін айтып құттықтай бастады. Өзіміз білмедік. Тағы бір қарасақ, 200 мыңға дейін жеткен. Сөйтіп-сөйтіп 1 аптада көрсеткіш 1 млн-ға жетті. Бұл әнді командамыздағы 3 жігіт айтады: Ілияс, Жалғас, Қуаныш. Жастары – 20,21,25-те», — дейді «Q production» мүшесі Ілияс Қадырбай.

«Q production» ұжымы 1 ақпан күні құрылған. Жігіттер арнайы студия ашып, өз идеяларымен бөлісе бастаған. Сөйтіп, көпшіліктің көңілінен шыққан «Шаштары үрбиіп» әні жарық көрді.

«Ән YouTube желісіне 23 сәуір күні шықты. Ол клип емес, mood видео деп аталады. Қазір біздің әніміз Shazam бойынша Қазақстанда 10 немесе 12 орында тұр. ВКонтакте-да чартта тұрмыз, топ 100 әннің ішінде 38 немесе 40 орындамыз. TikTok желісінде қазір танымал», — дейді Ілияс Қадырбай.

Әншілердің видеосы YouTube-та 4 млн қаралым жинады. Бұған орындаушылар өте қуанышты. Тыңдармандарына алғыстарын айтуда. Өнерпаздар мұнымен тоқтап қалмақ емес. Тағы бір ән дайын тұр, жуырда тыңдарман назарына ұсынылады.

Тағы оқыңыз: Жөнделген жолдың сапасы сын көтермейді

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x