Петропавлда ішімдікке сылқия тойып алған ер адам автобуста балағат сөздер айтып, полицейлерге бағынбаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 5 маусым күні сағат 18.30 шамасында «4А» бағытындағы автобуста тіркелген. Қоғамдық көлікте отырған ер адамдардың бірі балағат сөздер айтып, өзгелердің мазасын алған. Бұл туралы «102» нөміріне қоңырау шылған жолаушылар хабарлады. Петропавлдық шақыртуға келген полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған. Сондықтан тәртіп сақшылары оның қолына кісен салуға мәжбүр болды.
«Медициналық куәландыру ер адамның алкогольдік масаң күйде болғанын көрсетті. Қазір Петропавл қаласының 30 жастағы тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434 және 667-баптары ұсақ бұзақылық және билік өкілінің заңды талабына бағынбау фактілері бойынша материалдар жиналуда», — делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Тағы оқыңыз: 36 зейнеткер алданып қалды