Петропавлда автобус жолақысы қымбаттауы мүмкін

Петропавлда автобус жолақысы қымбаттауы мүмкін. Төлем картамен жасалған жағдайда – 100, қолма қол ақшамен болса 170 теңгені құрамақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазір облыс орталығында қоғамдық көліктің жолақысы — 80 теңге. Бұл – карта арқылы жасалған жағдайда. Ал қолма-қол ақшамен 130 теңге. Бірақ алдағы уақытта тариф көтерілуі мүмкін. Бұл жайында құжат «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталына жарияланды. Онда автобустарда карта арқылы төлем жасау 20 теңгеге, ал қолма-қол ақшамен жол жүру құны бірден 40 теңгеге қымбаттап, 170 теңгені құрайтыны жазылған. Сондай-ақ, қала маңындағы ауылдарға баратын қоғамдық көліктердің жол ақысын өсіру қарастырылуда. Қаулы 1 маусымға дейін талқыланады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жарты тоннаға жуық есірткі отқа тасталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x