таза бейсенбі

Көктем басталғалы бері облыс орталығында сенбіліктер мен тазалық акциялары жиі өткізілуде. Қаланы көркейту, көгалдандыру жұмыстары бүгін де ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысқан белсенді шаһар тұрғындары зираттардың аумағын қоқыстан тазартты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Таза бейсенбі» акциясына келгендердің бірі — Татьяна Новосёлова. Петропавл тұрғыны ата-анасының бейітіне жиі келеді. Олардың рухына тағзым етіп, моланың тазалығын бақылап отырады.  Бұл жолы да акция туралы естісімен іс-шарадан шет қалмай, абаттандыру жұмыстарына өз үлесін қосты.

«Қала әкімдігінің хабарламасы арқылы акция туралы білдік. Бір күннің ішінде осыншама қоқысты шығару мүмкін емес. Әруақтарға тазалық керек болмағанымен, ұрпақтарына ата-анасының моласын таза ұстау перзенттік парыз. Сондықтан тұрғындарды осындай шаралардан қалмауға шақырамын», -дейді Татьяна Новосёлова.

Акция барысында «Жұмысшы» және Новопавловка кенттеріндегі Христиан зираттары тазартылды. Қала тұрғындары молалардағы ескірген гүл шоқтары мен азық-түлік қалдықтарын жинады. Мұндағы қоқысты шығаруға 15-ке жуық көлік тартылған.

«Қала әкімдігі ұйымдастырған акция аясында шаһарда орналасқан зираттардағы қоқыстар шығарылып жатыр. Осыған дейін біз петропавлдықтарға мұндағы қоқысты бір жерге жиыстырып, не зираттың сыртына шығаруды сұрағанбыз. Өйткені, бүгіндері қорымдарға қызмет көрсетілмейді. Бірақ, алдағы уақытта бұл мәселе шешімін таппақ. Жақын күндері зираттарға қызмет көрсететін компанияны анықтау үшін конкурс жарияланады. Құжаттар әзірленіп жатыр», — дейді Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльмира Сәдуақасова.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, зираттарға қызмет көрсету бойынша конкурс аяқталғанша сенбіліктер жиі ұйымдастырылмақ.

Тағы оқыңыз: «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінде балаларға арналған іс-шара өтті

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x