«Абылай хан резиденциясы» музей кешенінде балаларға арналған іс-шара өтті

Бүгін Халықаралық музейлер күні. Осыған орай Петропавлдағы «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінде интерактивті іс-шара ұйымдастырылды. Онда ұл-қыздар тарихи нысанмен жақынырақ танысып, уақыттарын пайдалы әрі қызықты өткізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Абылай хан резиденциясы» музей кешеніндегі кезекті шара мектеп жасындағы балаларға арналған. Алдымен келушілер музеймен жақынырақ танысып, экспонаттарды көріп шықты. Бүгін олар үшін арнайы танымдық ойындар да ұйымдастырылды. Бұл олардың ой-өрістерін кеңейтіп, тарихқа деген қызығушылықтарын арттыру үшін жасалып отыр.

«Бағдарлама бойынша оқушылар жәдігерді іздеп, сәйкестендіру тапсырмаларын орындап шықты. Суреттер сайысы да ұйымдастырылды, ең жақсы шыққан туындының авторлары құр алақан қалған жоқ. Сонымен қатар, бүгін батыр және жыраумен кездесу, блиц-сұрақ, естелік белгілер сынды шаралар өткізілді. Балалар ойындарға белсене ат-саласып, топпен жұмыс жасап, көңіл күйлерін көтерді», — дейді «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінің өкілдері.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда балаларды ұруға заңмен тыйым салынуы мүмкін

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x