«Infobus» бағдарламасы петропавлдықтар үшін қайтадан қолжетімді болмақ. Мұндай жаңалықпен қала әкімінің баспасөз қызметі бөлісті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Бүгінде қоғамдық көліктерге қозғалыс датчиктері орнатылуда. GPS трекерлері қойылғаннан кейін маршруттарды бақылайтын жүйе жұмысын бастайды.
«Сондай-ақ, алдағы уақытта аялдамаларда орнатылған электрондық таблоларды іске қосу да көзделіп отыр. Ол үшін қалалық әкімдік конкурс жариялайды», — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Университеттерде «Кәсіби қазақ тілі» оқытылуы мүмкін