Өңір полицейлері жаңадан ашылған ауыл дүкенінен 70 литр алкоголь тәркіледі. Сауда нүктесі Қызылжар ауданындағы елді мекендердің бірінде орналасқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Қызылжар ауданына қарасты ауылдардың бірінде жуырда ашылған дүкенде лицензиясы жоқ алкоголь өнімдері сатылған. Полицейлер сауда сөресінен 70 литр спирттік ішімдік тәркіледі. Енді ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша жиналған материал сотқа жіберілетін болады. Кәсіпкерге 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
“Алкогольді бақылаусыз сату қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға жағдай жасайды. Сондықтан спирттік ішімдіктердің заңсыз сатылмауын қадағалау учаскелік инспекторлардың маңызды жұмыстарының бірі. Жалпы, жыл басталғалы облыста заңсыз айналымнан 3 мың литрге жуық алкоголь тәркіленді”, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.
Тағы оқыңыз: Петропавлда пәтер бағасы тағы да қымбаттады