тігінші

Петропавлдық Райхан Сағындықова 40 жылдан астам тігінші, технолог болып жұмыс істеп келеді. 1980 жылы сол кездегі «Комсомолка» тігін фабрикасында еңбек жолын бастаған ол содан бері жұмыс орнын ауыстырмаған. Сүйікті ісімен айналысып жүрген жанмен Qazaqstan Media тілшісі.

Райхан Сағындықова 40 жылға жуық еңбек өтілі бар тігінші. 17 жасында еңбек жолын «Комсомолка» тігін фабрикасында бастаған. Кейін 1983-1986 жылдары Семей қаласына «Тігін өндірісінің технологы» мамандығына оқуға түсіп, технолог мамандығын игереді. Бірақ жұмыс орнын ауыстырмаған. Оның еңбек кітапшасында да бір ғана жазба бар.

тігінші

«Өзіме тігін ісі, дизайнер мамандығы қатты ұнайды. Жақындарымды әдемі киіндіріп, киімдерін безендіруді жақсы көремін. Сол себепті осы саланы таңдадым. Еш өкінбеймін де. Жұмысым өзіме ұнайды», — дейді Райхан Сағындықова.

Райхан Сағындықова биыл күзде зейнетке шығады. Алайда, шебер сүйікті ісін әрі қарай жалғастыра бермек. Ол бос уақытында жақындарына арнап киім тоқығанды да ұнатады. Шебердің айтуынша, тігінші мамандығы қазір сұранысқа ие. Бірақ бұл салаға деген жастардың қызығушылығы жоқ.

тігінші

«Біздің кезімізде жастардың барлығында тігуге, тоқуға деген ниет болатын. Қазір керісінше, мұндай жұмысқа келгісі келмейді. Сондықтан оларға осы саланы тандауға кеңес берер едім. Тігіншілік әрдайым сұранысқа ие. Өз ательеңді де ашуға болады», — дейді Райхан Сағындықова.

Он саусағынан өнер тамған Райхан Сағындықованың жаны әдеміліке құмар. Шебер үшін айналасындағы адамдардың әдемі болып жүргенін көру үлкен бақыт.

Тағы оқыңыз: Мереке күндері СҚО-да 43 сәби дүниеге келді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x