Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов қаланың жастарымен кездесті. Осы жолғы жиынның өзіндік ерекшелігі бар. Яғни, алдын ала дайындықсыз, белгілі бір сұрақтарсыз, еркін форматта өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мамандар жастармен түпкілікті бір мақсат үшін кездесу өткізіп отыр. Ол — қыз-жігіттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша білімін арттырып, мәдениет қалыптастыру. Тed X форматындағы жиында жастар өздерін барынша еркін ұстаулары үшін майда-шүйде затқа дейін қарастырылған. Атап өтсек, қызметкерлер күнделікті костюм-шалбарларының орнына кәдімгі киімдерін киіп келген. Мұның өзі отырғандарға ыңғайлы жағдай жасап, ойларын кең жеткізуге септеседі.

“Жастар қоятын сұрақтарын ашық, еш қысылмай қойсын деген үмітпен келдік. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің ең басты саясаты — сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу. Яғни, превентивті жұмысқа көбірек көңіл бөлеміз. Себебі, қоғамда “Ел болам десең, бесігіңді түзе”,-деген жақсы сөз бар”, — деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов.

Кездесуге қаладағы 8 колледждің белсенді деген студенттері қатысты. Жалпы саны 30-ға жуықтайды. Егор Горбатов Петропавлдағы кәсіби-педагогикалық колледжде білім алып жүр. Азамат жемқорлыққа бей-жай қарамайтынын айтады. Бұның арты жақсылыққа әкеп соқпайтынын да біледі. Сол себепті, осы сала бойынша білімін көбейтіп, ойын дамыту үшін жиынға қатысты.

“Мәселен, менің салама тоқталайық. Егер өрт сөндіруші, құтқарушы мамандар пара алса арты соқпақты болуы мүмкін. Жалпы осы кездесуден кейін өзім де сыбайлас жемқорлықпен күресуге ат салысқым келетініне көзім жетті. Келген қонақтан бұл жұмысқа қалай тұруға болатынын да сұрадым”, — деді Егор Горбатов.

Тағы оқыңыз: Петропавл 2-ЖЭО ауаны ластайтын шығындыларды азайтты

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x