СҚО-да жыл басталғалы 128 адам хабар-ошарсыз кеткен

СҚО полицейлері жыл басынан бері азаматтардың хабар-ошарсыз кету фактілері бойынша 128 өтінішті тіркеген. Ондай оқиғалардың бірі жуырда Тайынша ауданында орын алған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

21 сәуірде СҚО Тайынша ауданының полиция бөліміне Тайынша қаласының психикалық денсаулық орталығының аумағынан белгісіз бағытта 29 жастағы қамқордағы адамның кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. Полицейлер бірден іздестіру іс-шараларын бастады. Әлеуметтік желілерде азаматтың суреті таратылып, іске еріктілер де кірісті.  

Нәтижесінде сәуірдің 25-нен 26-сына қараған түні жоғалған адам Ақмола облысы Мариновка ауылынан табылды. Оның орналасқан жерін Тайынша ауданы полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Дархан Сағидула анықтаған. Кейін белгілі болғандай, ер адам Тайынша қаласынан жолға шығып Астана жеткен. Сол жерден оны алыс туыстары Мариновкаға жіберген. Қазір ол Тайынша қаласындағы психикалық денсаулық орталығында.

Полицейлер еріктілерге және ер адамды іздеуге қатысқан барлық азаматтарға алғыс білдіреді.

Жалпы жыл басталғалы полицияға хабар-ошарсыз кеткен 128 адамды іздеу бойынша өтініш келіп түскен. Тәртіп сақшылары жоғалған 12 азаматтың орналасқан жерін анықтаған. Оның ішінде қазіргі уақытта 11 іздестірілуші табылды. Сондай-ақ, өткен жылдары іздеуде болған 2 адамның орналасқан жері анықталды.

Тағы оқыңыз: Петропавлдың 3 мектебінде қазақ тілді бастауыш сыныптары ашылады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x