қазақ сыныптары ашылады

2023-2024-ші оқу жылында «Бэст» гимназиясы, бірінші гимназия және бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицей мектептерінде қазақ тілді бастауыш сыныптары ашылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

қазақ сыныптары ашылады

Петропавлдағы бірінші гимназия 2023-2024-ші оқу жылында қазақ тілді бірінші сыныпқа 25 баланы қабылдауға әзір. 59 жылдық тарихы бар білім беру мекемесінің шәкірттері облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары. Мемлекеттік тілде оқыту жүйесін қолға алып жатқан мектеп балақайларды қабылдауды сәуірдің 1-нен бастады. Құжаттарды қабылдау «Сакура» порталы арқылы іске асырылады. Кейін білім беру мекемесінің мамандары баламен және ата-анамен әңгімелеседі. Облыс орталығының тұрғыны Айгерім Нұғманова аталмыш мектепке қызын қабылдау туралы өтініш білдірген.

«Бірінші гимназия туралы достарымыздан, таныстарымыздан тек жақсы пікір еститінбіз. Олар бұл жерде білікті мамандар еңбек ететінін, балаға жоғары сапалы білім беретінін айтты. Сол себепті, қызымызды осы мектепке беруге шешім қабылдадық. Қуанышымызға орай тұңғышымыз біз қалаған білім ордасында ана тілінде оқитын болады», — дейді Айгерім Нұғманова.

Ал қаланың дәл ортасында орналасқан «Бэст» гимназиясында бұған дейін де қазақ тілді бастауыш сыныптары болған. Алайда 4-ші сыныпты аяқтағасымен оқушылар мемлекеттік тілде білім беретін басқа қазақ мектептеріне ауысуға мәжбүр еді. 2023-2024-ші оқу жылына қабылданған балалар енді толығымен «Бэст» гимназиясында ана тілінде оқи алады. Көп балалы ана Салтанат Әбдіхалық ұлы Мансұрды дәл осы білім ордасына беру туралы шешім қабылдаған.

«Петропавл қаласындағы қазақ мектептерінің деңгейі қандай, білім беру сапасы жоғары ма осы туралы таныстарымыздан сұрастырдық. Нәтижесінде, көбі «Бэст» гинмазиясын мақтап, тандауымыз осы мектепке түсті. Оның үстіне мұнда биылдан бастап қазақ сыныптары ашылып жатыр. Соған қуанып қалдық. Өйткені, балаларымыздың өз ана тілінде білім алғанын қалаймыз», — дейді Салтанат Әбдіхалық.

Бастауыш қазақ сыныптары бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицейде де ашылмақ. Білім ордасы 25-30 баланы қабылдауға дайын.

«Қазақ тілінде білім беру жүйесі мектебімізде  осыдан 8-10 жыл бұрын қолданған. Алайда кейін қаламызда қазақ мектептері ашыла бастағасын бұл жұмыс тоқтап қалды. Қазіргі таңда ата-аналар тарапынан мемлекеттік тілде оқытатын бастауыш сыныптарын ашу туралы көп өтініш келіп түсті. Бүгінгі күні 10-ға жуық өтінім қабылданды», — дейді бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицей директоры Оксана Новикова.

Тағы оқыңыз: ҰОС ардагерлеріне 1,5 млн теңге төленеді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x