сайлау

Солтүстік Қазақстан облысынан Сенат депутаты болып сайланып, мезгілсіз қайтыс болған Гүлмира Кәрімованың орнына жаңа кандидаттарды ұсыну басталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Облыс әкімдігінің сайтында жарияланған хабарламаға сай, қазіргі таңда өзін-өзі ұсыну тәртібімен бір кандидат құжат тапсырған.

«Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясына ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған 1 кандидаттан құжаттар келіп түсті. Үмкіткер — Мелехов Сергей Владимировичтің ҚР Конституциясының және «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігі анықталуда», — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, 27 қаңтарда жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 46 жасқа қараған шағында кенеттен көз жұмды. Оған алдын ала «анафилаксиялық шок» деген диагноз қойылды. Дегенмен кейін Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Гүлмира Кәрімованың өліміне тікелей себеп жүрек талмасы екенін хабарлады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да бір күнде 8 адам алаяқтардың арбауына түсіп қалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x