Балық аулауға тыйым салынған уақытта бір қап шортан ұстаған азамат ұсталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

15 сәуірден бастап облыс аумағында уылдырық шашу кезеңіне байланысты балық аулауға тыйым салынды. Алайда, шалақындық азамат бұны елемеген көрінеді. Полицейлер оны рейдтік шара барысында Есіл өзенінің жағасында анықтаған. Audi-100 маркілі автокөлігінен бір қап шортан табылды. 59 жастағы жергілікті тұрғынға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383-бабының 3-бөлігі бойынша «балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу»бойынша материал жиналды.

“Баптың санкциясы – жеке тұлғаларға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салуды көздейді. Естеріңізге сала кетейік: қабылданып жатқан шаралар табиғи ресурстарды қалпына келтіруді қамтамасыз етуге бағытталған. Барлық әуесқой балықшылардан уылдырық шашу кезеңінде бұл әрекетті тоқтатуды, балық аулау ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз”, – деді СҚО ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы тобының аға инспекторы полиция майоры Асхат Қожабаев.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x