Облыс орталығында таза бейсенбі акциясы өтті. Экологиялық іс-шараға мемлекеттік мекемлер мамандары мен волонтер қатысып, халық көп шоғырланатын демалыс орындары мен саябақтарды қоқыстан тазартты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыс орталығындағы тазалық акциясына, қалалық әкімдіктің мәліметінше, 250-ден астам адам қатысқан. Қолдарына сыпырғыш, күрек ұстаған тұрғындар, мемлекеттік қызметкерлер саябақтар, сквер мен ескерткіштердің маңын қоқыстан тазартты. Шаһардағы тазалық акциясына 10-ға жуық техника жұмылдырылған, 50-ге тарта ұжым ат салысты. Олар күнделікті жұмыстарынан бір сәт бас көтеріп, қаланың көркеюіне үлестерін қосты. Сондай-ақ, Петропавлдың шеткі аудандары да назардан тыс қалмады. Мұндағы заңсыз пайда болған қоқыс алаңдары тазартылып жатыр.

«Бұндай экологиялық акциялар сенбі күндері де өткізіледі. Осы ретте қала тұрғындарын да аталмыш іс-шараға белсенді қатысуға шақырамыз. Әр адам қолына сыпырғыш не тырнауыш алып ауласын жинаса, қаламыз көркейе түседі»,-дейді Петропавл қаласы әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы Жанель Бейсембаева.

Тағы оқыңыз:Биыл СҚО-да 3 адамды кене шақты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x