Дәрігер

Ел азаматтары енді онлайн режимде дәрігер кеңесін ала алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазақстан азаматтарына төмендегі дәрігерлердің кеңесін онлайн режимде алу мүмкіндігі беріледі:

— Реабилитолог;

— Логопед;

— Психолог;

— Терапевт;

— Педиатр;

— Хирург;

— Акушер-гинеколог;

— Оториноларинголог;

— Кардиолог;

— Пульмонолог;

— Ревматолог;

— Невропатолог;

— Инфекционист;

— Аллерголог;

— Эндокринолог;

— Гастроэнтеролог;

— Офтальмолог;

— Гематолог;

— Нефролог;

— Уролог;

— Андролог;

— Геронтолог;

— Дерматовенеролог;

— Иммунолог;

— Травматолог-ортопед.

Өзгеріс Денсаулық сақтау министрлігінің “Амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидалары”  негізінде жүзеге асырылмақ. Құжат «Ашық» НҚА порталына жарияланды.

«Жоба Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде «Әділетті Қазақстан – бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» іс-шаралар жоспарының 101-тармағының телемедицина арқылы орналасқан жері бойынша медициналық қызметтерге қолжетімділікті кеңейту бойынша әзірленді», – деп түсіндірме берілді министр бұйрығына.

Тағы оқыңыз: Есіл өзенінің су деңгейі көтерілуде

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x