35 жол-көлік оқиғасы

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан аумағында 35 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан, 3 адам мерт болып, 65 тұрғын жарақаттанды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыс полицейлері автокөлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, барынша қырағы болу қажеттігін еске салады. 2023 жылдың 3 айында өңірде 35 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Орын алған апаттардан 65 адам жарақат алды. Өкінішке орай, 3 тұрғын көз жұмды. Қаза тапқандардың біреуі – бала.

«ЖКО-ның тағы бір кең тараған түрі – жаяу жүргіншілерді соғып кету. Жыл басынан бері осындай 9 оқиға тіркелді. 9 адам зардап шекті, ал төртеуі — белгіленбеген жерде немесе бағдаршамның тыйым салу сигналына өтуіне байланысты. Қозғалыстың барлық қатысушыларына жаяу жүргіншілер өткелдерінде ерекше қырағылық танытуға кеңес береміз», — деді СҚО ПД ЖПҚБ бастығы Айдын Байматов.

Тағы оқыңыз: «Ёбидоёби» қоғамдық тамақтану орнының атауы тұрғындардың наразылығын тудырды

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x