СҚО Мамлют ауданында лицензиясыз алкогольдік өнім сатқан дүкен иесі анықталды. Нысаннан 37 литр ішімдік алынды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мамлют ауданындағы дүкендердің бірінің иесі лицензиясы болмаса да, сыра мен коньяк сатып келген. Заңға қайшы әрекет «Қауіпсіз аула» акциясы барысында әшкере болды. Дүкеннен 37 литр алкоголь өнімі алынды. Иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша материал жиналып, әкімшілік сотқа жіберілді.

«Жыл басынан бері ауданда 278 литр заңсыз алкоголь тәркіленді. Облыс бойынша қаңтар айынан бастап учаскелік инспекторлар заңсыз сатылатын 2667 литр өнімді тәркіледі. Заңсыз кәсіпкерлік қызметі үшін 83 құқық бұзушы жауапқа тартылды», — деп жариялады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Таы оқыңыз:  Петропавлда сотталғандар гидропоника әдісін қолданып жүр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x