[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/04/4501_cover.jpg.1050x700_q95_crop_upscale-780×470-1.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Үстіміздегі жылы облыста 4100 га аумаққа 23,1 млн көшет егу жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш алдыңғы уақыттармен салыстырғанда 3 есеге көп, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауында еліміздің орман жамылғысының көлемін ұлғайту мақсатында 2 млрд ағаш отырғызу бойынша ауқымды жобаны жариялаған болатын. Бұл  ретте өңір бойынша да бес жылдық кешенді жоспар әзірленді. Оған сәйкес 20 мың гектар орман қорына 100 млн көшет отырғызу көзделген.

«2 жыл ішінде орман шаруашылығымен айналысатын жандар біраз жұмыс жүргізді. Мәселен, 2021 жылы 869 га алқапқа 3,56 млн көшет отырғызылды. Яғни, жылдық жоспардың 102% орындалды. Былтыр орман қорын көбейту үшін жұмыстар 1 652 га алқапта жүргізіліп, 6,9 млн көшет отырғызылды (жоспар бойынша 6,2 млн. дана). Ал ағымдағы жылы ағаш егу көлемі 3 есеге артпақ.  4100 га жерге 23 млн  көшет орналастырылады», — деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бейбіт Исманов.

Биыл Есіл ауданы Явленка ауылының маңында тәлімбақ құру жоспарланған. Оның ауданы — 28 га жерді құрамақ. Бұл іске болжам бойынша 284 млн теңге қажет.

Тағы оқыңыз: Петропавл жылу электр орталығында жаңа мұржаның құрылысы басталды

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x