[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/04/defitsit-kadrov-1.jpg» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″]
СҚО кәсіпорындарында 7 мың қызметкер жетіспейді. Кадр тапшылығы, әсіресе облыс орталығында байқалады. Мұнда 4 мың жұмысшы қажет, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Облыс аумағында кадр тапшы. Кәсіпорындарға әсіресе, аспазшы, аудармашы, трактор жүргізушісі сынды қызметкерлер ауадай қажет. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жыл сайын жеке ісін ашқан жандармен сауалнама жүргізіп, алдағы 3 жылда қандай мамандардың керек екені жайлы сұрастырады.
«Биылғы жылдаң бастапқы 2 айында кәсіпкерлер палатасының мамандары 1300-ден астам өндіріс ошағында сауалнама жүргізді. Нәтижесінде, нысандардың 41,9% қосымша мамандардың қажеттігін айтты. Петропавл қаласына 4,2 мың қызметкер қажет», — дейді СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеев.
Қажетті мамандардың барлығының жоғары білімі болуы міндетті емес. Кәсіпорындардың басым көпшілігі кәсіби-техникалық оқу бітірген жандарды іздеуде.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]