[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/28d7edd7-e8fa-481d-9ed5-6ff914232187-2.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Петропавлдық егіздер Павел мен Александр Ляшенко 12 жылдан бері ораза ұстап жүр. Олар осы жылы да ауыз бекітті. Ендігі кезекте егіздер Ислам дінін қабылдамақ. Жұбы жазылмайтын бауырлар спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта еркін күрестен бала жаттықтырады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Павел мен Александр М.Жұмабаев ауданы Возвышенка ауылында дүниеге келді. Бір қарағаннан егіздерді айыру қиын. Ағайындылар Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжінде білім алған. Достарының бәрі мұсылман болғандықтан, Ислам діні қызықтырғанын айтады.

«Бізге ораза ұстауды Жаратқанның өзі нәсіп еткен болар. Жан-дүнием мұсылман екенін сеземін. Бірақ күніне 5 рет намаз оқымаймын. Дінді ресми түрде қабылдау туралы ойланып жүрмін. Қазір жастар арасында мұсылман діні сәнге айналғандай. Ешкімді сөгуге қақым жоқ. Дегенмен, көбі Исламға келіп жатады, алайда шариғат заңдарын сақтамайды. Дін жеңіл-желпі дүние емес. Оған кәдімгідей ақылмен, санамен келу керек деп есептеймін. Әрине, бірінші рет ауыз бекіткенде қиналдық. Дегенмен бәріне төздік. Алғашында өзімізді сынап көрмек болдық. Бірақ кейін қатты ұнады. Өзіңді өте жеңіл сезінесің. Иықтан ауыр гір тастарын алып тастағандай сезімде болдым. Бұны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әр адам өз басынан өткеріп көруі керек», — дейді Павел Ляшенко.

Егіздер сирек болса да ауызашарларға шақыру алып тұратынын айтады. Мүмкіндік болып жатса, міндетті түрде барады. Бір құрсақтан шыққан бауырлар өмірде де 24 сағат бойы бірге жүретінін айтып қалжыңдайды.

«Ораза кезінде өзімді керемет сезінемін. Ашықсаң да, бойыңда бір тылсым күш пайда болатындай. Біз екеу болғандықтан да бәрі оңай жасалатындай көрінеді. Бір-бірімізге барынша сүйеніш болып келеміз. Кіндігіміз бір. Таныстарымның арасында ауыз бекіткісі келіп, бірақ үнемі келер жылға қалдырып жататындар барын байқап жүрмін. Жаман сөз айтуға, тіпті жаман ой ойлауға болмайды. Ауыз ғана емес, көз, құлақ — бәрін тыю керек. Соңғы айтқан екі мүшеге шектеу қою қиындау. Бір сөзбен айтқанда Ораза – Алланың бізге берген сансыз нығметтерінің бірі», — дейді Александр Ляшенко. 

Жалпы бүгінгі күні Ислам дінін қабылдап, ораза ұстап жүрген өзге ұлт өкілдерінің саны жылдан жылға артып келеді.

[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/6acda139-afca-4ae2-b8a3-c6517c02c2d9.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x