[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/dpsypfkx0aekdgk.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
2023 жылы СҚО өңдеу өнеркәсібі саласында 13 жоба іске асырылмақ. Бұл үшін 57,4 млрд теңге қарастырылған. Нәтижесінде, 1000-ға жуық жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Инвестициялық жобаларды іске асыру туралы облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Садықов өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Алдағы уақытта «Масло-Дел» серіктестігінің май экстракциялау зауыты бой көтереді. Жоба құны 23 млрд теңге. Өндіріс ошағында 217 тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Кәсіпорын қуаттылығы жағынан Орталық Азиядағы ең ірі зауыттардың біріне айналады. Ал ресейлік «ДуПра» компаниясы Мамлютка қаласында шыны бұйымдарын жасауды қолға алмақшы. Нысан бұрынғы машина жасау зауытының бос тұрған ғимаратында орын теппек.
«4 млрд. теңге көлемінде инвестиция құйылды. Осының арқасында 200 тұрақты жұмыс орны ашылады. Жуық арада қаңырап тұрған нысанды қалпына келтіру жұмыстары басталады. Бұдан бөлек, Мамлют ауданында тағы бір жобаны іске асыру көзделіп отыр. «Сапа Инвест Плюс» компаниясы ДСП өндірісі бойынша шаруаны бастап кетті. Керекті құрал-жабдықтың барлығы жеткізілді. Мұнда 1,5 млрд. теңге жұмсалған. Нәтижесінде, 80 адам жұмыспен қамтылады», — деді облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Садықов.
Өткен жылы Петропавл арақ зауыты жаңа нысанның құрылысына кірісті. Мұнда финдік және итальяндық араластыру және құю технологиялары қолданылады. Іске 11,3 млрд. теңге жұмсалған. Кәсіпорында 200 жаңа жұмыс орны пайда болады.
«Жаңа зауыт пайдалануға берілгеннен кейін салықтық салық аударымдары 2 есеге өседі. Өнімнің 70% экспортқа шығарылатынын атап өткім келеді. Қазірдің өзінде зауыт Ресейге, Еуропаға, Балтық елдеріне, Түркияға сату арналарын құруда. Жыл соңына қарай құрылыс жұмыстары аяқталады деп жоспарланып отыр», — дейді Нұржан Садықов.
Нұржан Садықовтың айтуынша, «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында да біраз өзгерістер орын алмақ. Қазіргі уақытта жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін 9 келісімшарт жасалған.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]