[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/WhatsApp-Image-2023-03-28-at-11.43.42-1.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Петропавлдағы кардиологиялық орталықта бірегей ота жасалды. Мәскеуден келген маман жергілікті дәрігерлермен бірге бітелген қан тамырына дәрілік жабындысы бар баллонды енгізді. Мұндай имплант елімізде алғаш рет қолданылып отыр. Жаңа тәсіл стент қоюға келмейтін жағдайда қолданылмақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Соңғы екі жылда өңірде науқастарға 2500-ден аса коронарлық стент қойылған. Стент жүрекке қан беретін тарылған немесе бітеліп қалған қан тамырларын ашу үшін қойылады. Мамандардың сөзінше, уақыт өте келе стентте қандай да бір ақаулар пайда болып, қан ағысын нашарлатуы мүмкін. Ал диаметрі 2 мм-ден кем қан тамырларына стент қойылмайды. Енді мұндай жағдайда дәрігерлер дәрілік қаптамасы бар баллонды өзгеріске ұшыраған қан тамырына жібереді.
«Науқасқа жергілікті анестезия қойылып, наркозсыз тесу арқылы арнайы катетер орнатамыз. Оның көмегімен дәрілік қаптамасы бар коронарлы баллон жіберіледі. Баллон алдымен бітелген жерді кеңейтеді, ал оның сыртындағы дәрілік қаптамасы сол жерде қалып, баллон қайта алып шығарылады. Бұрын стент қойғаннан кейін науқастар бірнеше ай үш түрлі дәріні ішуге мәжбүр болатын. Бұл отадан кейін тек бір дәріні бір ай ғана ішіп, қатарға қосылады. Ағзада стент сияқты бөгде зат болмайды», — дейді облыстық көпбейінді аурухана кардиологиялық орталық бөлімінің меңгерушісі Дмитрий Тё.
Мандардың айтуынша, коронарлық стент қойғаннан кейін науқастардың 10 пайызында рестеноз, яғни қан тамырының қайта тарылуы немесе бітелуі байқалады. Ал дәрілік жабындысы бар коронарлық баллонды енгізгеннен кейін науқастар 2-3 жыл қалыпты өмір сүреді екен. Аз инвазивті ота МӘМС аясында сырқаттарға тегін жасалуда.
«Бұл отаның басты ерекшелігі – баяғыда мамандар стент қоятын, қазір болса ота әлдеқайда жеңілдеді. Оның үстіне науқастардың тез сауығып, аяққа тұрып кетуіне үлкен әсер етеді. Дәрі ішудің қажеті жоқ. Мұндай операция АҚШ-та және Еуропа елдерінде бұрыннан жасалып келеді», — дейді дәрілік затты өндіруші компанияның өкілі Нұрсұлтан Ғаббасов.
Жалпы мұндай ота 40 минуттан 1 сағатқа дейін созылады. Бүгін ерекше операция 4 облыстың тұрғынына жасалды.
[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/WhatsApp-Image-2023-03-28-at-11.43.34.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]